Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматының үздік мұғалімі тегін көлік мінді (фото)

378

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Байқау нәтижесінде 100 мұғалімнің ішінен №159 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Ахметова топ жарды. Ол Алматының «Үздік мұғалімі» атанды.

Қала әкімі оған жаңадан ашылған №168 мектепте салтанатты түрде автомобиль кілтін табыстады.

Ал №140 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Нұрғалы Нұрымбетовке отбасылық демалыстың жолдамасы берілді. Бұлардан өзге бірқатар ұстаздарға дипломдар мен 500 және 300 мың теңгелік сертификаттар табыс етілді. Ұстаздар арасында мұндай байқау өткізуді жергілікті кәсіпкер Мұрат Әділханов ұсынған. Ол «Туған жер» бағдарламасы аясында осы оқу мекемесін салып берген еді.

«Мемлекет басшысының қолдауы арқасында Алматыда 117 оқу орны салынды.Тек соңғы бес жыл ішінде ғана білім саласын қаржыландыру мегаполисте 37%-ға немесе 27 млрд теңгеге өсті. Қазіргі кезде білім саласының инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылып келеді. Тек биылдың өзінде ғана құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстарына 17 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Мен сіздерге барынша жауапты әрі қиын жұмыстарыңыз үшін алғыс айтамын. Ұстаздардың жұмыс сапасы оқушыларының түрлі байқауларда жеңімпаз атануымен және өздеріңіздің жеке кәсіби біліктіліктеріңізбен айқындалады», – деді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Айта кету керке, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру барысында бюджет қаржысы есебінен қалада тағы да 8 жаңа мектеп салынады. Алматының үздік мұғаліміне автокөлік кілті табысталды Жыл басынан бері жаңарған әдіспен дәріс беруге көшкен Алматы мұғалімдерінің 70%-ының жалақысы 30%-ға өсті.

Ұлттық тестілеуден өткен 1293 мұғалім 1 қыркүйектен бастап алғаш рет өздерінің қызметтік жалақысына 30-50%-ға дейін қосымша үстеме алатын болады. Алматының үздік мұғаліміне автокөлік кілті табысталды Бұдан өзге, мемлекет ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерге қолдау көрсетуде. Биыл міне, екінші жыл физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын ұстаздарға өздерінің қызметтік жалақысының үстіне 200%-дық көлемде қосымша ақы төленеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз