Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
26
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Алматының Сейфуллин көшесіндегі тергеу изоляторы жабылды

144

Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл мекемеде жазасын өтеп отырған барлық тұтқындар заманауи технологиялармен жабдықталған №18 мекеменің жаңа ғимаратына көшіріледі.

30-шы жылдарда тұрғызылған №1 тергеу изоляторы көптен бері тұтқындарды ұстау нормалары мен талаптарына сай келмей жүрген.

№18 тергеу изоляторы тергеу істерін жүргізуге қажетті барлық құрылғылармен жабдықталған, сондықтан іс төрешілдік шараларынсыз жылдам тергелетін болады. Жаңа ғимаратта кездесулер үшін кабинеттер көп болады, ал тұтқынмен кездесу үшін ХҚКО-дағы сияқты талон алу жеткілікті.

Жаңа тергеу изоляторына жету де жеңілдеген. Келушілер изолятордың жанына дейін келетін үш түрлі бағыттағы автобуспен жете алады. Алматы қаласының прокуратурасы тұтқындардың жағдайын жақсартып, туыстарымен көрісуін жеңілдету үшін жұмыс істеп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз