Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылды.
Бұл туралы Алматы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.
11 шілдеде таңғы 08:00-де Орбита-4 ықшамауданындағы 11-үйдің төртінші қабатында газ баллоны жарылып, артынша өртенген.
“0,3 шаршы метр үй заттары өртенді, өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт сөндірілген. Жарылыс салдарынан терезелер шағылып, есіктер сынып, жиһаздар бүлінген. Ер адам мен әйел адам күйіп қалған”, – деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД өкілдері.