Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматының құлағалы тұрған үйлері: нығайту жұмыстары тоқтатылды

155
179 үйді нығайту жұмысының барысы

2019 жылдың желтоқсан айында 72-пәтерлі 9-қабатты тұрғын үйдің тұрғындары қабырғадағы жарықтарды байқады. Кейбір пәтерлерде терезелер мен есіктер жабылмай қалды. Адамдар мезгіл-мезгіл темірдің қайралған дауысын еститін болды. Тұрғындар дүрліге бастады, оған әкімдік жауап берді. Дегенмен, оларды күнделікті өлшем алып,  үйдің  қатты қисайғанын анықтағаннан кейін ғана көшірді.

Көшу де у-шусыз өткен жоқ.Қисайған үйден 72 отбасының көшіріліп жатқанын естіген жергілікті жалға берушілер сол сәтте өз қызметінің бағасын көтеріп жіберді. Әкімдіктің араласуымен жағдай реттелді. Үйді нығайтқанша, адамдар жарты жыл бойы жалдамалы пәтерлерде тұрды. Билік олармен үнемі байланыста болды. Мамыр айында үйлердегі жөндеу жұмысы аяқталатыны туралы әңгіме қозғала бастады. Бірақ шын мәнінде  шілде айында аяқталды, себебі нығайтылған ғимарат косметикалық жөндеуді қажет болатын. Сонымен қатар, кейбір отбасылар жөндеу жұмыстары аяқталмаған және газ қосылмаған пәтерлеріне қайта оралды.

Зерделiліктер тағы да уайымдай бастады, басқа үйлерді де нығайту керек, олар 8 сантиметрге дейін қисайған. Бұл ауданға қызмет көрсететін бөлімшенің бастығы Дана Рахимова Алғабаста не болып жатққаны туралы айтты.

Жұмыс баяу жүргізілді

— Дана, 179 үйдің тұрғындары тағы неге шағымдануда

— Адамдар қоныстана бастады, ал үйде абаттандыру жұмыстары аяқталған жоқ. Ыстық, суық су және электр қосылған, ал газ жоқ. Себебі, қала әкімдігінің жайлы орта басқармасы біздің басқарушы компанияға орналасу туралы ресми хат жіберген жоқ. Тиісінше, онсыз газ беру мүмкін емес, себебі бұл жарылғыш зат.

Сонымен қатар, әкімдік адамдарды көшірген және қоныстанған кезде заттарды тасымалдауға көлік беруге уәде берген. Бірақ қазір үнсіз отыр.

Косметикалық жөндеуге қатысты да ешнәрсе айтпайды. Жайлы орта басқармасының қызметкері Олжас Тәжібаев үйді нығайту жобасының біраз уақытқа тоқтатылатынын айтты. Менің таңданысыымда шек болмады, себебі Зерделідегі барлық үйде қисайып тұр!

— 179 үйді нығайтты ма?

— Иә, нығайтты

— Менің түсінуімше,  жұмыстар шала орындалған, себебі кейбір пәтерлерде терезе жабылмайды.

Үйдің қисайғаны түзетілді, бірақ қисаю кезінде терезе мен есік ойықтарының деформациясы орын алған. Терезелер мен есіктерді реттеу қажет, бірақ ол әлі күнге дейін жасалған жоқ. Мен тіпті қандай компанияның онымен айналысатынын білмеймін. Қасбеті мен подъездеріне косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізген «РитмСтрой» ЖШС әлі күнге дейін жұмыстарының ақысын ала алмай жүр. Компания барлық жұмысты өз есеббінен жасады.

Мәжбүрлі көшіру

— Ал әкімшілікте тұрғындар және мердігерлермен кім байланысып отырады?

— Негізгі тапсырыс беруші – Жайлы орта басқармасы. Барлық мәселені солар шешуі керек, бірақ жұмысын қалай болса солай орындауда.

— Жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының соңы мамыр айының соңына жоспарланған еді, бірақ тамыз да жақындап қалды. Әкімшілік көшіру туралы тапсырма берген жоқ, адамдар не себепті көшіп жатыр.

— Бізге бастапқыда қоныстандыру 15 маусымға дейін болады деп айтқан болатын. Біз күттік… және қазір барлығы үнсіз.

Жалға алынған пәтер иелеріне алдын ала қашан босататынын айтқан, әрине, олар басқа пәтер жалдаушыларды тапты. Баратын жерлері болмағандықтан, қоныстануға мәжбүр

Жайлы орта басқармасы көшіру туралы ресми хат бермегенше, тұрғындар газсыз тырады, біз тәуекелге бара алмаймыз.

— Адамдар әкімдік олардың шағымдарына сирек жауап беретінін айтып шағымдануда. Шынымен солай ма?

— Алатау ауданының әкімдігі жиналыстарға белсенді түрде келеді. Алайда практикалық мәселелердің шешімі бір орында тұр.

Сонымен қатар, бұл адамдарға  көшуге көмектесетін көліктер бермей жатыр, олар газсыз өмір сүруге мәжбүр, кейбір учаскелер асфальтталмаған.

Түсініксіз мәселе көп

— Тұрғындар көшіп кетсе де коммуналдық төлемдердің есептелгеніне шағымданғандар болып еді.

— Онда екі кіреберісте домофон, бейнебақылау және подъездерді тазалау бойынша түрлі компаниялар қызмет көрсететіндіктен қиындықтар туындады. Бұл іспен прокуратура айналысуда. Әрине, барлық есептеулерді есептен шығарған фирмалар бар. Басқалары адамдар іс жүзінде  көшіп келген кеззде ғана шотты жоятынын және жаңадан есептейтінін айтады.

Жалпы айтқанда әлі де шешілмеген проблемалар бар. Әкімдік олармен сөйлесті. Бастапқыда коммуналдық  төлемдерге қатысты мәселені шешеміз деп уәде берген болатын.

Кейбір тұрғындар ұялы қосымша арқылы ақы төледі, олар тіпті  су мен электр энергиясы үшін автоматты түрде төлем есептеліп отырғанын көрмеген. Нәтижесінде олар түбіртектерді, нақты тұтынуды толтырмағандықтан, қарыз пайда болған. Біз бұл мәселелердің бәрін шештік.

— Үйді нығайту бойынша жұмыстарды кім жүргізді?

—Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты өз ұсыныстарын берді, ал жұмыстарды орындаумен Vitel Group айналысты.

— Олар өз жұмысына қандай да бір кепілдік берді ме?

— Беруге тиіс. Олардың өздері немесе ҚазҚСҒЗИ береді. Мен олардан талап етемін. Әкім Сағынтаевпен кездескен кезде, барлық шешімдерді поштаға жібереміз деп уәде берді, бірақ ештеңе жоқ. Мен тек 179 үйдің ғана емес, басқа үйлерге де қатысты құжаттарды сұрадым.

Зерделіде үйлерге тексеру жүргізген адамдар маған барлығының 8 см және одан да көп мөлшерде қисайғанын айтты

Мен тұратын 151-үй, тіпті сыни белгіден жоғары, 20 см қисайған. Ал олар бізге үйлерді нығайту жобасының уақытша тоқтатылғаны туралы мәлімдеді. Менің таңғалысымда шек жоқ! Себебі, бұл мақсатқа ақша бөлінбейді. Бұл дегеніміз, осы үйлерде тұратын адамдарың өміріне үнемі қауіп төніп тұрады. Енді ештеңе айта алмаймын, өзіміз де толық ақпаратты күтіп отырмыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз