Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматының ит пен мысықтарына салық, айыппұл салынбақ

Айыппұлды айтпағанда, үй жануарын ұстағанызың үшін салықты да дер кезінде төлеуіңіз әбден мүмкін.

Бұл тәжиірбенің бәрі шет елдерден алынған. Қазір бұл мәселе біздің елде де қызу талқылануда. Ал алдағы 3 жылдың ішінде жеке – меншік серіктестік жобасы бойынша иесіз қалған төраяқтыларға арналған арнайы нақты нысандар пайдалануға беріледі.

«Ол жерде инвесторлар тартылатын болады. Мемлекеттік бір изолятор болады, қалған 10-ны ол жекеменшік болады», – деді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Айдын Керікмбек.

Алматыдағы жалғыз орталыққа күніне кем дегенде әр ауданнан 10-ға жуық ит жеткізіледі екен. Олардың басым бөлігі шеткері аймақтарды паналайтын көрінеді. Айтқандай, ит керек болса, осы орталықтан асырап алуға болады. Ал үй жануарының барлығына куәлік алып, олар үшін салық төлеуге тұрғындардың пікірі сан қилы.

Естімеген ел де көп. Дамыған мемлекеттерде үй жануарының иесі алты айлық күшіктен бастап жылына кем дегенде 10 евро салық төлеуге міндетті. Ал кісіні қауып алған жағдай болса, оны үйретпеген тағы да сол иесі 300 евро көлемінде айыппұл арқалайды екен.

Тіпті, серуендеп жүргенде итіңіздің артынан жинамасаңыз да, қалтаңыздан 15 евро шығаруыңызға тура келеді. Алысқа бармай, бізге жақын Украинаны алсақ, онда да қазір жоғалған иттерді тездетіп табу үшін оларға арнайы чиптер орнатпақ. Ал Белорусь елінде төртаяқтының бойына қарай салық төленеді екен. Бізде мұндай өзгерістер 2018 жылға дейін қабылдануы бек мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз