Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматының “акиматы” Қайрат Нұртастың концертіне мәжбүрлеп билет алғызған ба? (фото)

113

Медеу ауданының әкімдігі таратты делінген “құжатта” Алматының бірнеше ауруханасының дәрігерлеріне 14-15 желтоқсан күндері Қайрат Нұртастың концертіне жалпы соммасы 787 мың теңгені құраған билеттерді сатып алу өтініші айтылады.

Әкімдікте бұл ақпаратты жоққа шығарды. “Медеу ауданының әкімдігі әлеуметтік желіде тараған “құжаттың” жалған екенін ескертеді. Мұндай шаралармен әкімдік айналыспайды. Қайрат Нұртас Қазақстанда өте танымал әнші және қандайда бір промоушенді қажет етпейді”, – дейді әкімдік өкілдері.

Өз кезегінде әртістің директоры Лаура Сейітбекова әншінің концертіне билеттер ешқашан мұндай жолмен таратылмағанын айтады. “Бізде билет сату арнайы сайттар арқылы жүргізіледі және ұйымдастырушылардың өзі кеңселерде сатады. Біз біреулердің Қайратқа бөгет болып, дау тудырғысы келіп жүрген әрекетін көріп тұрмыз”, – дейді ол.

Оның айтуынша, әкімдік ұйымдастырушылық қолдау білдіреді, бірақ бұл сыртқы жарнамаға ғана қатысты. “Әкімдік билет сатумен айналыспайды. Бізде билеттер өтімі жақсы. Ондай көмек сұрауға жөн жоқ. Ешкімді мәжбүрлемейміз. Сосын бізде дәстүр бар – Қайрат жыл сайын балалар үйін аралап, концертіне билетін тегін таратады. Сосын қаншамасы әріптестер, таныстар мен туыстарға таратылады. Концертте Қайраттан өзге қазақстандық әртістер болады. Келіп бәрін өз көздеріңізбен көріңіздер”, – дейді Сейітбекова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз