Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Алматылық Эйнштейн”. 12 жастағы бала мектеп бітірді

Себебі мектепті жеделдетіп бітіріп шыққан балаға алтын белгі де, қызыл аттестат та берілмейді екен.

Абзалға сырттан қарасаңыз балалармен асыр салып ойнап жүрген қарапайым жасөспірім сияқты. Бірақ оның білім деңгейі өзінен бірнеше жас үлкен балалардан да артық екенін біреу білсе, біреу білмес. Даладағы достарынан қысылып тұрып сұхбат берген бала болашақта АҚШ-та білім алғысы келетінін айтты.

“Мамандықтар туралы іздестіре келе, IT-технология саласын таңдадым”, – дейді ол.

Абзал дәрігерлер отбасының тұңғышы. Оның білімге деген құштарлығын ата-анасы кішкентай кезінде-ақ байқапты. Ол үш жасында әріп танып, кітап оқыса, төрт жасында көбейту кестесін жатқа айтыпты.

“Адамдар, табиғат, жан-жануарлар туралы энциклопедия кітаптарын балаға әкеліп бердім. Сосын сол кітаптарды өздігінен оқып, игере бастады”, – дейді әкесі Дәуренбек Нысанов.

Бұл отбасының үш баласы да мектепке бес жасынан барған екен. Бәрі де үздік оқиды. Ал Абзалдың ақылдылығы сонша бір жылда екі жылдық мектеп бағдарламасын оп-оңай меңгеріп алатын. Оның республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысып жүлде алған дипломдарында тіпті сан жоқ. Алайда елімізде вундеркинд балаларға көрсетілетін ілтипат аздау сияқты.

“Қала әкімі бүкіл Алтын белгі иегерлеріне салтанатты түрде марапаттарын табыстады. Соны көріп менің де балам неге салтанатты түрде алып, солардың ішінде жүрмеді деп кішкене қынжылдым”, – дейді анасы Жазира Доскеева.

Күзде Абзал студент атанбақ. Қазақ-британ техникалық студенті баланың ҰБТ-дан алған балы грантқа жетпесе, университеттің ішкі грантын бөлеміз деп уәде беріпті. Зерек ұл бұл түрімен жоғары оқу орынын да бір-екі жылда бітіріп шығуы әбден мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз