Алматыдағы атыста 6 адамды ажал құштырған Руслан Күлікбаевтың жұбайы Аяулым Үмбетқұлова күйеуінің полицейлерден ала алмаған кегі болғанын жайып салыпты.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлап отыр.
Күлікбаев бұған аяқасты бармаған. Түрмеге түскен сәтінде-ақ жоспарлаған. Шыға сала, қандай әрекетке барарын білген және бұған іштей дайын болған. Мұны да лаңкестің әйелі айтып отыр.
“Бірақ, бұл менің оның сыбайласы болғанымды білдіртпейді. Күйеуімнің нақты қандай жоспары барын мен білгем жоқ. Тіпті, білгім келген күнде де ол маған айтпас еді,” – дейді Аяулым Үмбетқұлова.
Күлікбаев түрмеден шыға сала әйелінің тәртібін тезге салмақ болған сияқты. Сол себепті де үйлерінде жанжал көбейген, әйеліне қоқан-лоқы көрсеткен сәттері де аз болмапты. Ал ажырасып кетуге келіншектің жүрегі дауаламаған екен. Неге? Не себепті?
Аяулымның айтуынша, күйеуі кісі өлтіруден тайсалмайтын мінезді түрмеден тауып келген. Сондықтан Аяулым лаңкестің қамалғанына қатты қынжылып отырған жоқ. Керісінше,
күйеуінің кесірінен басы бәлеге қалып, тергеушілерден теперіш көріп жатқанын жайып салды.
Қатты қорқып қалған ол, өзіне құқықтық кеңес беретін заңгерлерден көмек сұрап отыр.
– Шегіп отырған темекісінің қорабын лақтырды. Сөйтіп, қоқан-лоққы көрсетіп жатыр. Менің не кінәм бар? Неге олар мені қинай береді? –дейді Күлікбаевтың әйелі.