Таңғы сағат 3:59-да Алматыдан 132 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында болғаны айтылады.
“Энергетикалық класы – 9.9. Тербелістің магнитудасы – 3.8. Жерасты дүмпулері 10 шақырым тереңдікте болды. Жер сілкінісінің қалай тербелгені жайлы мәлімет жоқ”, – деп хабарлады Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының өкілдері.