Оңтүстік астанада күмәнді дәрі-дәрмектерді буып-түйетін жасырын цех жұмыс істеп келген.
«23 шілде күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дәрілік препараттарға арналған орама материалын дайындайтын баспахана, заңсыз дайындалған өнімдерді сақтайтын қойма, сондай-ақ жасырын цех анықталды. «Ротоцеф», «Солкасерил», «Регидрон оптим», «Кальций Д3 никомед», «Цефамед», «Цераксон», «Цефтазидин» және т.б. сауда атауларымен сатуға жоспарланған 100 тоннадан астам оралған күмәнді дәрілік препараттар тәркіленді», — делінген хабарламада.
Осы препараттардың шығу тегін анықтайтын сараптамалар тағайындалды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.