Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Алматыдағы веложарыстың жеңімпазы анықталды (фото)

Ал екінші болып мәреге француз велошабандозы Реми Ди Григори жетсе, ирандық Мирсамад Пурседиголаxар қола жүлдені қанағат тұтты деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.

– Жеңіске жеткеніміз үшін аса қуаныштымыз. Біздің ұжым бірлесе отырып, керемет жұмыс атқарды. Барлығы жоғары деңгейде өтті. Мәреге дейін бірнеше айналым қалғанда командамның арқасында басымдық танытып, алға оздым. Оларға деген шексіз алғысымды білдіремін! Біз жақсы нәтиже көрсеттік, алайда ертеңгі кезең де оңай емес, осы байрақты бәйгенің чемпионы атануға тырысатын боламыз, – деп атап өтті жарыс жеңімпазы Алексей Луценко.

Сонымен қатар Луценко «Үздік қазақстандық шабандоз» және «Жалпы классификация жеңімпазы» атағына ие болды.

Сондай-ақ «Тау кәсіби классификациясының жеңімпазы» қазақстандық Даниил Фоминыx атанса, «Спринтерлік классификация жеңімпазы» номинациясы итальяндық Альберто Чечинге берілді. Ертең айтулы доданың екінші кезеңі өтеді. Еске сала кетсек, Алексей Луценко – «Алматы туры – 2017» кәсіби xалықаралық веложарысының үш дүркін чемпионы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз