14 маусымда түнде Алматыдағы Саяхат автобекеті өртке оранды.
Куәгерлердің айтуы бойынша, өрт алдында жарылыс даусы естілген. Кейінірек жарылыстың азық-түлік сататын дүңгіршектердің жанында болғаны анықталды. Төтенше жағдай орнында өрт сөндіру жұмыстары əлі де жүріп жатыр.
Тілсіз жаудың бетін қайтаруға 42 өрт сөндіруші, 12 бірлік арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Өрт салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ. Өрт сөндірушілер жалынның ішінен үш 50 литрлік жəне үш 25 литрлік газ баллондарын алып шыққан.
Дерек көз: Ктк