Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Алматыдағы атышулы базар ақыры жабылып тынды

Саудагерлер бұл жерге бутиктерге ұқсайтын шағын сауда орындарын да салып алған екен. Енді оны жер үйдің тұрғындарына отын мен қора қопсы салуға сатып жіберіпті. Олар өз ретінде оны мынадай көліктерге тиеп әкетіп жатыр. Бұл жерде базар осыдан он шақты жыл бұрын пайда болған. Осы маңға жол айрығы түскенде, бұрыннан тұрған Саяхат автобекетінің ғимараты бұзылыпты. Оның орнында қалған 4 гектардай жерді біреу жеке меншікке сатып алған.

2011 жылы Алматыда өткен Азиада ойындарының қарсаңында шенділер қонақтардан ұят болады десе керек, бос жатқан жерге көше бойын жағалап тұрған саудагерлерді кіргізіпті.

“Кіресіңдер, базар қыласыңдар деді. Базар қылдық. Енді көтеріліп келе жатқанда осылай істеп отыр. Бала-шаға оқуға бару керек. Кредит алдық бәріміз. Жолды жауып, халықты кіргізбей жатыр”,дейді саудагер Ажар Аманжолова.

Жер иесі мұнда заманауи сауда орнын саламын деп шешкен екен. Жобалық сметалық құжаттары да дайын. Құрылыс бастайын десе тек осы саудагерлер ғана кедергі боп тұр. Былтырдан бері келе жатқан текетірес соңғы айда шиеленісе түскен.

“Өздерінің сұраған күндері 15 тамыз болған. Бүгін павильондарын бұзып жатыр. Ешқандай заңсыздық жоқ. Бізге түнісіктікпен қарағандарына рахмет айтамыз,деді Ержігіт Сәрсенбиев, «Саяхат Инвест» компаниясының учаске бастығы.

Бұған дейін 300- ге жуық саудагерлер жер иесінен тым құрығанда жаңа жылға дейін уақыт бер деп сұраған екен. Аштық жариялаймыз дегендеріне де көнбеген соң, тамыздың ортасына дейін сауда жасайық деп жалыныпты. Қазір оларға өзге базарлардан орындар ұсынылған. Алайда, жаңа жерге жұрт үйренгенше жаңа оқу жылы қарсаңындағы сауданың нағыз қызатын кезде қол қусырып қалдық дейді саудагерлер.

 

Дерек көз:Ктк.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз