Алматыда жұмыссыздық деңгейінің жалпы көрсеткіші 5,2%-ды құрайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24kz сайтына сілтеме жасап.
Өткен жылғымен салыстырғанда жұмыссыз деп тіркелгендер саны бір жылда 5 мың адамға ұлғайған. Қалалық жұмыспен қамту басқармасы жүргізген жеке тұлғалардың әлеуметтік дәрежесін анықтау мен тіркеу жұмыстарының нәтижесінде 111 мың адамның әлеуметік дәрежесі нақтыланды.
«Тіркелмегендердің саны жалпы статусы жоқтар бойынша 20,6 мың адамды құрайды. Бұларды біз қабылданған мемлекеттік бағдарлама бар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» бағдарламасына сәйкес оларды біз нәтижелі жұмыспен қамтуға тартып жатырмыз», – дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мейіржан Отыншиев.