Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-19
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Алматыда жүкті әйелге алғаш рет рентгенсіз бірегей ота жасалды

Алғаш рет жүкті болған науқас тіркелген емханасында кардиологтың тұрақты бақылауында болған. Алайда жүктілік мерзімі ұлғайған сайын жүрек-қан тамырларына түсетін жүктеменің артуына байланысты оның жағдайы нашарлап, жоспарлы түрде ота жасау қажеттілігі туындады.

Ақауды окклюдер көмегімен аз инвазивті эндоваскулярлық жолмен жабу отасын Қалалық кардиология орталығының интервенциялық кардиологтары Астана қаласындағы UMC жүрек орталығының мамандарымен бірлесіп жасады.

Операциялық бригаданың құрамында UMC жүрек орталығының интервенциялық кардиологы Ерік Отарбаев, сондай-ақ Қалалық кардиология орталығының интервенциялық кардиологтары Оразбек Сахов пен Бауыржан Аипов болды.

Отаның басты ерекшелігі – рентген сәулесін қолданбай, толықтай ультрадыбыстық навигациямен орындалуы. Әдетте мұндай хирургиялық ота жүктілік кезінде ұрыққа ықтимал қауіп төндіретін рентгендік бақылаумен жүргізіледі. Ал ультрадыбыстық әдісті пайдалану радиациялық жүктемені толығымен алып тастап, ана мен болашақ баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты. Ана мен ұрықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жүктілік дәрігерлердің қатаң бақылауымен жалғасуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз