Алматыда әйел адам бағдаршамның қызыл түсіне жүгіріп өтпек болғанда абайсызда жүйткіген көлік астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматыда жаяу жүргінші көлік астына түсіп, мерт болды Жол апаты Райымбек даңғылы мен Тұрғыт Өзал көшесінің қиылысында болды.
Қатты соққыдан әйелдің аяғы жұлынып кеткен. Жаяу жүргінші сол жерде көз жұмды. Оқиға орнында полиция жұмыс істеді.
Қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері 1 440 жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен. 57 адам қаза тауып, 1 460 адам жарақат алған. Құқық қорғаушылар жол апатына көбінесе жаяу жүргінші себепкер болатынын айтады.
«Қалада «Жаяу жүргінші» шарасы өтіп жатыр. Екі күн ішінде ғана 368 адамға айыппұл салынып, ҚР ӘқбК 615-бабы бойынша 12 242 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.