Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда жолда жүру жылдамдығы әр жолақта әр түрлі болмақ

Ал, Алматыда соңғы уақыттары жүргізушілердің кінәсінен 3689 жол апаты болған. Оның кесірен 84 адам бақиға аттаныпты. Төрт мыңнан астам адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған. Сондай-ақ, қалада балаларға қатысты 803 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, өкінштісі 4 бала қаза тауыпты.

Әрине, тәртіп сақшылары жақында ғана Үкімет қаулысымен өзгеріс енгізілген жол ержесін іске асыру барысында ауқымды шаралар атқарып жатқанын да айтты. Сонымен қатар, қарапайым жүргізушілердің көкейінде жүрген сауалдарға да жауап берілді. Мәселен, бұған дейін қаладағы басты магистраль көшелерде солға бұрылып, кері қайтатын үзіктірді жауып тастағанға көптеген тұрғындар наразылық білдірген болатын. Алайда, тәртіп сақшыларының өз айтары бар екен.

“Біз Әл-Фараби-Ремизовканы жапқанымызда бір жылға дейін шағым түсіп тұрды. Барлығы Жароков көшесіне дейін барып, айналып келудің қиындығын айтқан. Ал, біз сол бір жылдың ішінде жол-көлік оқиғасының 90 пайызға азайғанын аңғардық”, – дейді Алматы қалалық ІІД басқарма бастығының орынбасары Жандос Мұратәлиев.

Иә, бүгін бұл сұрақты сақшыларға да қойдық. Алайда, қандай себепте көше бойына қойылатынына жауап бермеді. Бірақ, бәріне  жылдамдықты асыратын жүргізушілердің өздері кінәлі деп отыр.

“Әл-Фарабидің бойында мәселен 80 шақырым. Өзіңіз айтып отырғандай. Бірақ, жүргізушілер жылдамдықты асырып, 100-120 жүреді де, камераға түседі. Сосын, неге мына жерге «Крис-П» қойып қойдыңдар деп шағымданады”, дейді Алматы қалалық ІІД басқарма бастығының орынбасары Жандос Мұратәлиев.

Айта кетейік, қалада соңғы уақыттары апаттық жағдай туғызу, қарсы бетке өтіп кету, жаяу жүргіншіні өткізбеу секілді жол ережесін бұзу деректері көп кездеседі екен. Әсіресе, биыл 250 мың жол ережесін құлағына да ілмеген жүргізушілерге 2 миллиард теңгеден астам айыппұл салыныпты.

Енді көлікті тізгіндегендерге қатысты тағы бір ақпарат. Жаңа ережеге орай, қала көшелерінде әр жолақ бойынша жылдамдық әр түрлі болатынын айтады сақшылар. Мәселен, бірінші жолақта 40, екіншіде 60, ал үшіншіде 80 шақырым жылдамдық деген белгі тұруы мүмкін. Ал, мұндай жаңалықты жүргізушілердің қалай қабылдайтыны әзірге белгісіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз