Бұл туралы қала әкімі халықпен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Қала басшысының айтуынша, әкімдік қоғамдық көлікті субсидиялау үшін айтарлықтай қаржы бөлгеніпті. 2018 жылы жеңілдігі бар 255 мың жолаушыға, сондай-ақ тасымалдаушылардың шығындарын өтеуге қала бюджеті 15 миллиард теңге бөлуді жоспарлар қойыпты.
«Қазір метрода бір рет қатынау құны 713 теңгені көрсетіп тұр. Ал қала тұрғындары үшін 80 теңге, жеңілдігі бар жолаушыларға 40 теңге.
Осы айырмашылықтардың шығынын субсидия жауып тұр. Оған бір жылда 4 миллиард теңге кетеді. Кейбір автобустар жол жүру құнын белгіленген төлемнен 10-15 есеге көтеріп алған», – деді Байбек.
https://kaz.365info.kz/almatyda-khogamdykh-koliktin-zhol-akhysy-150-tenge-bolsyn-dejdi-298066
Байбектің айтуынша, экологияның тазалығы және тұрғындарға қолдау көрсету үшін қала басшылығы осындай шығындарға барған. Сондай-ақ, кездесу барысында қоғамдық көлік жүргізушілерінің дөрекілігі мен автобустардың уақытында жүріп отырмайтыны туралы мәлелелер де қарастырылды.
«Қаладағы автобус паркін 30 процентке жаңарту үшін өтемақы мен субсидия бөлінеді. Бірақ кейбір тасымалдаушылар жол жүру тарифтерін 150 теңгеге көтеруді талап етіп отыр. Біз ондай автобус тасымалдаушыларына айыппұл салып, қатаң қадағалайтын боламыз.
Қоғамдық көліктегі тасымалдауда сапасы көтерілмейінше, жол жүру бағасы да көтерілмейді»,
– деді Байбек.
https://kaz.365info.kz/aldymen-zholakhyny-tole-almatyda-shopyr-men-konduktordyn-tojy-otti-video-287154