Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматыда жол бермегені үшін атып кетті деген жігіт басқа жағдайда мерт болыпты

Интернетте пайда болған ақпаратқа сүйенсек, Рысқұлова және Момышұлы көшелері қилысында адамды атып кеткен. Көлік тізгініндегі марқұм жолда басқа бір көлікке жол бермеген-мыс. Кектенген көліктің иесі оның көлігіне жақындап келіп, терезесін ашып, оқ атқан.

Алматы қаласы ішкі істер департаменті кісі өлімі фактісі тіркелгенін растады. Алайда полиция бұл қайғылы оқиғаның сипаты мүлде бөлек деп мәлімдеді.

“Алматы полициясы Алатау ауданында орын алған Б. деген азаматтың өліміне қатысты істі тергеп жатыр. Бұл қылмысқа қатысы бар Алматының 2 азаматы ұсталды. Олар өзара дүрдараздық кезінде аңшылық мылтықпен 1982 жылы туылған Б. деген азаматты атып алған. Бұл ауыр қылмыстың беті бір тәуліктің ішінде ашылды.

Күдіктілердің аты-жөні бірден анықталды. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изольяторына тоғытылды. Бұл қылмыстық іс Алматы қаласы Алатау аудандық іщкі істер басқармасының тергеу бөлімімен тексеріліп жатыр” – деді Алматы қаласы ішкі істер департаментінің Криминальды полиция басқармасының бастығы, подполковник Жанболат Зиадин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз