Алматыдағы “Шаңырақ 2” ықшамауданында жоғалған екі жасар бала үйдің әжетханасынан табылды.
Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.
Полициядағылардың айтуынша, баланың мәйіті үй ауласында орналасқан әжетхананың құдығынан табылған. Осыған дейін 24-тамызда қалалық ІІД-нің жедел басқару орталығына “Шаңырақ-2” ықшамауданындағы үйлердің бірінен екі жасар баланың шығып кетіп, жоғалғаны жайлы мәлімет түскені хабарланған еді. Бала үйдегі ересек адамдар ұйықтап жатқан кезде шығып кеткен екен. Үйдегілер бастапқыда баланы кешке дейін өздері іздеп таппақ болған, одан түк шықпаған соң полицейге хабар беріпті.