Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматыда жезөкшелікпен айналысқан екі балалы әйел жаңа туған сәбиін сату кезінде ұсталды

Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, әйел жезөкшелікпен айналысқан. Көшеде тұрған оны Түрксіб аудандық ішкі істер басқармасына бірнеше рет әкелінген.

Оған бір адам сәбиді “сатып алушы” ретінде жіберіледі. Содан ол сәбиді 2000 долларға алып кетуге болатынын айтып, олар өзара келіседі.

Айта кетейік, Қызылорда тумасы 7-наурызда Алматы облысында салмағы 4 келі 165 грамм, бойы 55 сантиметр сәбиді дүниеге әкелген. Ал екінші күні ол үйіне келе салып, “сатып алушыны” шақырған. Жаңадан босанған әйел сәбиінің ақшасын сол пәтерде алып қалған. Ол 290 000 теңге алған. Сонымен қатар, олар қолхат жазған. Сол сәтте пәтерге Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері кіріп келген. Олар заңсыз түрде жасалған келісімшартты тіркеді. Осыған байланысты баласын сатпақ болған әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 1-бөлігі бойынша “Кәмелетке толмағандар саудасы” қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз