Оңтүстік астанада метро құрылысы жалғасуда.
— 2021 жылдың соңында құрылысты аяқтау жоспарланған, қазір жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде, қаржыландыру толық көлемде қамтамасыз етілді, — деді Әбжахан.
Сондай-ақ, биылғы жылы үшінші іске қосу кешенінің құрылысы басталды, оған ұзындығы 2,4 км болатын, Абай даңғылы мен Яссауи көшесінен Әшімов көшесіне дейін және солтүстік бағытта Әшімов көшесі Қалқаман ш.а. дейінгі «Достық» станциясы — «Қалкаман» станциясы аралық тоннельдері кіреді.
— Дайындық жұмыстары басталды, Қарғалы өзені арқылы өтетін туннель бар, желдету қондырғысын орнату мақсатында зерттеулер жүргізілді. Уақытылы үздіксіз қаржыландыру кезінде құрылыс 3 жылға жоспарланған, — деп түсіндірді Әбжахан.