Алматы полицейлері БҰҰ-ың нөмірін таққан джипті айыппұл тұрағына жеткізді, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауымен жергілікті полиция қызметі тұрғын үй кешенінің тұрғынынан БҰҰ нөмірі бар Toyota Land Cruiser тапты, көлікке стробоскоп пен дыбыс қондырғысы орнатылыпты.
“Деректер базасын тексеру барысында көліктің жеке тұлға, Алматы қаласының 1973 жылы туған тұрғыны А. есімді азаматқа тиесілі екені анықталды”, — деп мәлімет берді Алматы қаласы ІІД ЖПҚ басшысы Жасұлан Байкенов.
Көлік полиция айыппұл тұрағында тұр.