Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматыда ұсталған “дөкей” Camry Талдықорған экс-әкімінің ұлына тиесілі

333

Оқиға 28 наурызда, полицейлер Алматы орталығында стробоскоптары бар Toyota Camry-ді тоқтатқан кезде басталған болатын. Шетел автокөлігінің жүк салғышынан травматикалық газ тапаншасы, патрондар, екі жұп автономер, рация және 100 долларлық купюралардың бірнеше бумасы табылады.

Рөлде отырған ер адамның жүргізуші куәлігі мен көлік құжаттары болмаған. Автокөлік иесі мен жүргізуші полицияға жеткізілді. Көп ұзамай әлеуметтік желілерде жүк салғыштан табылған нөмірлер Шалтабаевтың жақын туыстарына тиесілі болуы мүмкін деген болжам пайда болды.

Қару-жарақ, бума-бума доллар мен стробоскоптар: Алматыда күмәнді жүргізуші тоқтатылды

Болжам расталды. Tengrinews.kz хабарлауынша, “дөкей” шетел автокөлігі Шалтабаевтың ұлы — Тұрлыхан Тұрарбекке тиесілі.

Қызметтік тергеу барысында Шалтабаевтың өзі заң бұзбағаны анықталды. Айта кетейік, 12 сәуірде әкім қызметінен босатылды және енді “Қорғас” ШЫХО жұмысына жетекшілік етеді.

Анықталғандай, 28 наурызда көлікте Тұрарбектің курстасы мен басқа екі жас жігіт болған. Тұрарбектің өзі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқуда болған.

Талдықорған әкіміне қатысты тексеріс басталды

Жолаушылардың біріне газ қаруын заңсыз сақтау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізушіге үш бап бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Жүксалғыштан табылған нөмірлер есептен алынған болып шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз