Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыдағы терактіге күдіктілер – Руслан Күлекбаев пен оның 5 сыбайласы сотқа жеткізілді

246

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Күлекбаевқа қатысты сот процесі Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтетіні белгілі болды.

Руслан Күлекбаев құқық қорғау органдарының және арнайы органдардың 8 қызметкерінің, екі бейбіт тұрғынның өліміне әкеп соққан террористік акт жасады, сондай-ақ үш азаматты өлтіруге оқталды деп айыпталып жатыр.

Прокурорлардың мәліметінше, Күлекбаевпен қатар сотта тағы бес адам сот алдына келеді. Олар қарулы қылмыскердің сыбайластары екен.

“Күлекбаевпен бірге Лю Р., Сапарбеков Ж., Әсембекұлы Д., Құсайнов Е., Әбдімомын Н. сот алдына келеді, олар қаруды заңсыз сақтау, алып жүру, сатып алу, сонымен қатар дайындау және Күлекбаевпен бірлесіп, М. деген кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасады деп айыпталып жатыр. Бұл айып ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қарастырылады”, – деп хабарлады прокуратурадағылар.

Тергеу тобы 57 сот сараптамасы мен зерттеуін жүргізді, сонымен қатар, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін 200-ден аса куәгерден жауап алды. Іс материалдарының көлемі 60 томнан асты.

Еске сала кетелік, 18-шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болғандығы анықталды. Ол Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.

Осыған дейін тергеу жұмыстары барысында18-шілдеде полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтің жалдамалы пәтерін анықталған болатын. Полицейлер пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полицейлер пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз