Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыдағы түнгі рейд. 211 ата-анаға айыппұл салынды

210

22 сағат бойына жастар жүреді деген компьютерлік клубтар, кафе мен барлар тексерілді. Нәтижесінде көптеген заңбұзушылықтар анықталды.

Мысалы, Манас көшесі бойында орналасқан бір компьютерлік клубта түн ортасында жасөспірімдер табылды. Тағы бір кәмелетке толмаған жас топ қаланың Алмалы ауданында кафеде тойлап, арақ ішіп, сауық-сайран құрып жүрген жерінен ұсталды.

1

“Кафе әкімшілігі әр адамнан төлқұжат сұрап жүруге міндетті емеспіз деп жауап берді. Осылайша олар 21 жасқа толмағандарға арақ-шарап, темекі сатқан. Бұл іске қатысты әкімшілік іс қозғалды.

“Жасөспірім” рейді қорытындысы бойынша 2 күн ішінде ішкі істер органына 435 кәмелетке толмаған бала жеткізілген, оның 347-сіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. 88 қараусыз жүрген жеткіншек анықталды, олардың 46-сы қаланың бейімдеу орталығына орналастырылды. Ал қалғаны жауапсыз отбасынан деп тіркеуге алынды.

Түнгі компьютерлік клубта жүргені үшін 15 ата-ана әкімшілік жазаға тартылды, ал 196 ата-анаға айыппұл салынды. Сондай-ақ 13 мекеменің қожайынына қарсы шара қолданылды. Заңды тұлғаларға салынатын айыппұл көлемі 20-дан 60 айлық есептік көрсеткішті қамтиды” деді Алматы қалалық ішкі істер департаменті Ювенальды полиция бөлімінің бастығы Лейла Әліпбаева.

9

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз