Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
7
USD
426
0.00
EUR
495
0.00
RUB
5.98
0.00

Алматыдағы банкке жасалған шабуыл. „Әзірге, радикалдармен байланыс жоқ„ – дейді министр

Оған қоса ҚР Ішкі істер министрі қылмыскерлердің банктің жұмыс тәртібін жақсы білгенін, оған тыңғылықты дайындалғанын атап өтті.

– Қылмыскерлербанк жұмысы тәртібін жақсылап зерттеген, мұны банкпен жақсылап тексеретін боламыз. Шабуыл жасалған банк – «ЦентрКредитбанктің» бір бөлімшесі. Ол кеңселер ғимаратының бір бөлігінде орналасқан. Таңретең ол араға ақша алып келген, ақшаны күзетші қабылдап алған„ – деді министр.

Министрдің айтуынша, күзетші дәретханаға кеткенде екеуі есіктен ішке енген.

„Олар онымен бірге ішке енбек болған, сөйтіп ақшаны ұрлауға ниеттенген, бірақ күзетші өз қаруын алып шығады, бірақ одан ата алмаған. Өйткені қаскөйлер оның қаруын тартып алған, сол кезде басқа жұмысшылар келіп қалады, сөйтіп қылмыскерлер қашып кеткен„

– деді ол.

Бұл іске қатысты Алматы ішкі істер департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, 2-тармақшасына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу ісін қолға алды.

Еске сала кетелік, бүгін, яғни 25-қазанда таңертең шамамен 8:30-да Алматыдағы Алмалы ауданында орналасқан банктердің біріне шабуыл жасалғаны хабарланған болатын. Белгісіз екеу күзетшінің қаруын алып кеткен. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазіргі уақытта қалада «Дабыл» белгісі жарияланып, ұстау операциясы жоспары жүзеге асырылып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз