Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыдағы банкке шабуыл. Куәгерлер көзбен көргенін айтып берді

Бизнес-орталықтардың бірінің қызметкері оқиғаның ғимарат ішінде болғанын айтты. Оның айтуынша, күзетші бөлімшенің есігін құлыптап, бизнес-орталықтың басқа бөлігінде орналасқан әжетханаға кірген.

“Оны аңдыған қарақшылар ол әжетханаға кіргенде, артынан барды. Сол арада оның қаруын тартып алды. Бірақ қарсылыққа ұшыраған олар банк бөлімшесінің кілтін ала алмай, тапаншаны алып, қашып кетті”, – деді куәгер. Оның айтуынша, күзетші қарақшыларға беріспей, алыса кеткен.

Банк бөлімшесінің ішінде полиция жұмыс істеп жатыр. Таяу маңдағы дүкендердің сатушылары атысты естімегенін хабарлады. Олар тонау туралы полиция келген соң бірақ білген.

Еске салайық, осыған дейін Алматыдағы банктердің біріне шабуыл жасалғаны хабарланған болатын. Белгісіз екеу күзетшінің қаруын алып кеткен. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазіргі уақытта қалада “Дабыл” белгісі жарияланып, ұстау операциясы жоспары жүзеге асырылып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз