Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыдағы атыс: жарақаттанған полицей ауруханадан шықты

Осы орайда, тәртіп сақшысының қолынан келгенше көмек көрсеткен барлық қазақстандықтарға алғыс білдірді.

00013.MTS_snapshot_00.01_[2016.07.25_15.53.11]– Ең алдымен, заңға қайшы әрекеттерге тойтарыс беру кезінде оққа ұшқан әріптестерімнің отбасыларына қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамын. Қиын-қыстау кезеңде ержүрек полицейлердің отбасыларына материалдық көмек көрсеткен, біздің тезірек сауығуымызды тілеп, қолдау көрсеткен отандастырыма шексіз алғысымды білдіремін.

Ішкі істер департаменті басшылығы мен өзімнің әріптестеріме және дер кезінде көмекке келген дәрігерлерге, жеке алғыс айтамын, олардың кәсібилігі менің тез жазылуыма мүмкіндік берді. Мен – жас полицеймін, ішкі істер органдарындағы еңбек өтілім әлі бір жылға толған жоқ. Бірақ бұл оқиға менің жігерімді жасытқан жоқ, мен енді  қылмысқа қарсы бұрынғыдан да белсенді күресіп, азаматтарды жан-тәніммен қорғайтын боламын, енді мен тезірек қатарға қосылу үшін, қызметке шығуға асығып, қаламыздағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, еліміздің игілігі үшін еселенген күшпен қызмет ететін боламын, – дейді жас полицей Балтабек.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз