Әлеуметтік желілерде Алматыда автобус жүргізушісі мен жолаушының төбелескен видеосы пайда болды.
Видеоны түсіруші автордың айтуынша, бұл Алматы қалалық №32 бағыттағы автобус көрінеді.Төбелестің шығуына жолаушының ұялы телефонын жоғалтып алуы себеп болған. Яғни, ол автобус жүргізушісінен телефонды іздестіруге көмек сұрағанда ол дөрекілік танытып, басымды қатырмашы деген. Телефонын жоғалтып, онсыз да ашуланып тұрған адам жүргізушіге тап берген.