Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда тегін тамақтандыратын асхана ашылды

156

“Уақып” асханасы әр аптаның бес күні жұмыс істейді. Мұнда әлеуметтік аз қамтылған 100-120 адамға үш мезгіл тегін тамақ беріледі. Келген қонақтарға арнаулы бекітілген 7-8 адам әрдайым сапалы қызмет көрсетуге әзір.Сондай-ақ, бір кірген адам сол күні екінші рет қайта кіріп, тамақтана алады.

Азаматтар асханаға Алматының орталық мешіті жанындағы “Ихлас” қайырымдылық қауымдастығынан алынған арнайы талондары арқылы ғана кіре алады.

“Негізінен, бұл игі бастаманың мақсаты – мешітке келген әрбір жағдайы төмен, жалғызбасты аналар мен жетім-жесірлердің, мүгедектер мен мүсәпірлердің аз да болсын мұңын сейілтіп, мұқтаждығын өтеп, жарқын өмірге үміт сыйлау”, — делінген хабарламада.

Асхана Сейфуллин даңғылы, №330, Радищев көшесінің қиылысында орналасқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз