Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда тапа-тал түсте банкке шабуыл жасап 30 секундта 15 млн теңгені қолды қылды

“30 жастағы Симинеев деген науқас қабылданды. Қабылдау бөлімінде клинико-лабораторилық, рентгендік зерттеу өткіздік . Зерттеп, тексерген кезде жақтың төменгі жағында екі жақты ығысқан сынығы деген диагноз қойылды”, – дейді дәрігер Айдос Аймұханбетов.

Полиция қарақшылық шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғады. Олар қылмыскерлер алыстан келмейді деген ойда. Осы оқиғадан кейін банк қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қылмыскерлерді ұстау үшін полициямен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

“Қазқкоммерцбанктің барлық бөлімшелерінде қауіпсіздік мақсатында бейнебақылау камералары орнатылған. Егер банкте қылмыстың шешілуіне қандайда бір үлес қоса алатындай фото не видео жазбалар болса прокурор санкциясынан кейін біз оны беруге дайынбыз”, – дейді Банктің қауіпсіздік департаментінің өкілі Тимур Стамқұлов.

Алматы қалалық ішкі істер департаменті осы оқиғаға қатысы бар деген үш күдіктіні ұстады.

“Бұл дөрекі қылмыстың бетін ашу үшін арнайы тергеу тобы құрылды. Оның құрамына криминалды полиция басқармасының  қызметкерлері де кірді. Қазіргі таңда сезіктілердің барлық аты-жөні анықталды. Оларды ұстау бір-екі күннің шаруасы әрі кеткенде, – ІІД-нің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Алматыда қарақшылардың ірі көлемде ақшаны қолды етуі бірінші рет емес. Бұған дейін де қылымыскерлер Ресейлік кәсіпкердің көп ақша алғанын біліп тонаған. Полиция бұл қылмысты аталған компанияда істейтін адамның нұсқауы бойынша екі адамның жасағанын анықтаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз