Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Алматыда танымал актердің жесірін төрт баласымен пәтерден қуып жатыр

“Қазіргі таңда сот жүріп жатыр, бірақ менде мені қорғайтын адвокат жоқ, кімге өтініш айтарымды білмеймін. Адвокаттарға да ақша төлеу керек. Театр заң бойынша маған пәтер беруі тиіс”, – дейді Оксана.

Ал театр директоры Ерлан Біләлдің айтуынша, күйеуі қайтыс болғаннан кейін Оксана басқа адамға тұрмысқа шығып, тіпті бала да туған. Сол себепті олар қазір Үркімбаевтың отбасы емес және баспананы да заңсыз иеленіп отыр екен.

“Біздің қызметкерлер де оның баспанада заңсыз тұрып жатқанына наразы. Олардың да отбасы бар, олар да театрдың заңды жатақханасында тұрғысы келеді. Біз Оксанаға айтып едік, ол түсінбей қойды. Сол себепті сотқа шағымдануға тура келді”, – дейді директор.

Ал Оксана ешқандайда күйеуге тиген жоқпын, тек дәрігерлердің талап етуімен бір жарым жастағы баламды өмірге әкелгенмін деп отыр. Әлі де Шалқар Үркімбаевтың жесірі болып қала береді. Қазірге дейін екі бірдей сот отырысы өткен. Қай тараптың уәжі дұрыс екені әлі белгісіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз