Оңтүстік астанада ауру жұқтырғандардың саны Нұр-Сұлтаннан асып кетті.
«Коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы 112 жаңа оқиғасы тіркелді, оның ішінде: Нұр-Сұлтан – 3, Алматы қаласында – 99, Қарағанды облысында – 1, Алматы облысында – 1, Ақмола облысында – 2, Батыс Қазақстан облысында – 2, Түркістан облысында – 1, Атырау облысында – 3», – делінген хабарламада.
Осылайша, ауру жұқтырғандардың жалпы саны мыңнан асып түсіп, 1091 жағдайға жетті. Пациенттердің көпшілігі — Алматыда (271), Нұр Сұлтанда (260) және Қызылорда облысында (119).