Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда таққа таласқан зағиптар бірін-бірі тағы сабап тастады

Бұрынғы басшысын түрмеге қамап тынса да зағиптар қоғамы әлі тынши қоймаған. Енді бұл жолғы талас осы қоғамға қарасты Алматыдағы оқу-өндірістік кәсіпорын директорының орынтағына қатысты жүріп жатыр.

-Бұрынғы директор осы жердегі бүкіл құжаттардың мөрдің барлығын, алып, 6 ай бойы біздің кәсіпорынға жұмыс істетпеді. Енді бүгінгі күні тағы да сондай жалған құжат әкеліп, әбігерге түсіріп жатыр, – дейді Қазақ соқырлар қоғамы №1 Алматы оқу-өндіріс кәсіпорынының директоры  Алтынай Ибрагимова.

Ал өзін осы оқу-өндіріс кәсіпорнының жаңадан тағайындалған директорымын деп таныстырған азамат Алтынай Ибрагимованың осыдан екі күн бұрын жұмыстан босатылғанын алға тартты. Сондықтан бүгін қалайда қызметке кірісуім керек деп отыр.

-Заң жүзінде қайта сайланған жаңа басшылық оны өткен 13-і күні жұмыстан босатқан. Бірақ ол орнын тастап кеткісі келмейді. Кезінде осы қоғамнан ұрлаған 2,5 миллион теңгесі үшін әлі қылмыстық іс жүріп жатыр. Біз сол ақшаны қайтарып, мына жерден кетуін талап етеміз, – дейді Талғат Пірімжанов.

Қарсы тараптар қатты-қатты айтса да құр сөз жарыстырып қана тұрған. Алайда жанжал сөзбен бітпеген соң бір-бірінің жағасына жармасты.

Зіңгіттей күзетші жігіттер жетіп келсе де, оларға қарап жатқан зағиптар жоқ. Көзбен көрмесе де құлаш сермеп жұдырықтап, тіпті директор кеңсесінің ішінде қолына таяқ ұстағандар да табылды. Бәрінің көздегені бұрышқа тығылған директорды қуып шығу.

Жаппай төбелес ұзаққа созылған соң оқиға орнына полиция келіп жетті.

Полиция өкілдері келген соң ғана жұрт сабасын түсті. Тәртіп сақшыларына ере келген жедел жәрдем қызметкерлері содан кейін ғана таяқ жегендерге алғашқы көмек көрсетті.

Әйтеуір, қазақ зағиптар қоғамы даудан арылмай қойды. Оның бұрынғы президенті Байболат Әубәкіров те талай жылғы текетірестен кейін 7 жылға сотталып тынған еді. Сот оны бюджетке 1 млрд. 300 млн. теңгені жымқырды деп тапты. Бұл жолғы жаппай төбелеске де осы қоғамның бюджетін құрайтын ірі көлемдегі қаржы себеп деген сыбыс бар.

bezymyannyj

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз