Алматыда суға батқан жігіттің денесі араға екі күн салып табылды. Сүңгуірлер бүгін марқұмды көлден шығарған.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тек содан кейін оның қандай жағдайда көз жұмғаны белгілі болады.
28 жастағы Нұрлан Тұрлығожа 18 маусым күні досыммен кездесем деп Сайранға кетіпті. Кешкі бестер шамасында суға батқан. Куәгерлердің айтуынша қасындағы жігіттер көмектеспей кетпей қалған. Жақындары досы дегені қасы болып шықпады ма деген күдікпен жүр.