Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда студенттің өліміне күдікті ретінде ұсталған байдың ұлдарын кім босатты? (видео)

17 жастағы Дидар Болысбектің өліміне кінәлі деп айыпталып отырған Тойчыбек Асамов өзіне тағылған айыптың қаншалықты ауыр екенін түсінбейтін де сияқты. Жүзінен қорқыныш байқалмайды. Есесіне анасы өзін қоярға жер таппай жүр. Ол ұлымды ұрып-соғып мойындатты дейді.

«Бәрі  мойындап жатыр  деп алдаған. Соған сеніп қалған. Ал босап кеткендердің бірінің әкесі полиция, екіншісі әкімнің баласы. Қалталылардың баласы еркіндікте тек диқанның баласы қамауда отыр», – дейді Тойчыбек Асамовтың анасы Саламат Асамова.

Саламат Асамова тіпті марқұм мен ұлының дос болғанын айтып отыр. Дәлел ретінде екеуінің суреттерін ала келген.

«Міне Дидармен түскен суреттерін көріңіздер. Қайтыс болған бала осы. Менің балам Дидар менің бауырым деп отыр»

– дейді Саламат Асамова.

Қайғылы оқиға сәуірдің 11-і болған. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жатақханасында жоғарғы курстың студенттері, бірінші курстың ұлдарын сабап, салдарынан кәмілет жасына да толмаған тараздық Дидар Болысбек көз жұмды. Күдіктілер де бірден ұсталып, әлімжеттік жасағандарын мойындаған. Бірақ бүгінгі сот отырысында, айыпты ретінде тек Тойчыбек Асамов қаралып жатыр. Ал процесс марқұмның туыстары келмегендіктен басталмай жатып аяқталды.

Судья прокурорға келесі процеске жәбірленуші тараптың міндетті түрде қатысуын тапсырып, отырысты 19-шы маусымға шегерді.

Ал, бүгін сот залынан бір студенті ажал құшып, енді бірі сотталып жатқан аграрлық университеттің басшылығын кездестіре алмадық. Алматыға арман қуып келген білімгерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отырған оқу орны үшін бұл қалыпты жағдай болса керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз