Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда Сирияға кетпек болған екі сәләфитті 6 жылға соттап жіберді

Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

Тергеу барысында анықталғандай, Б.Жүнісов пен Б. Мұхамеджанов өздерінің діни білімін кеңейту мақсатында әртүрлі діни уағыздар жасайтын сайттарға кіріп отырған. Олардың арасында террористік ұйым ретінде тыйым салынған Ирак пен Ливан Ислам мемлекеті (ДАИШ) тарататын сайттар да бар.

Нәтижесінде ДАИШ идеяларына шырмалған олар Ислам мемлекетін күшпен орнатуға, яғни «Халифаттық» идеясы үшін күресуге үлкен мән бере бастайды. Тіпті зайырлы өмір салтын жоққа шығарып, террористік ұйымдарға қосылып, ұрыстарға қатысу үшін Сирияға баруды да ойластырған. Әлеуметтік, діни алауыздықты қоздыруға соқтыратын әрекеттерге барып, терроризм идеологиясын үгіттеген.

«Қарасай аудандық соты оларды айыпты деп танып, жазаларын қатаң режимдегі колонияда өтеу үшін алты жылға бас бостандықтарынан айырды» делінген баспасөз баянында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз