Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда үшемдердің ата-анасы сәби өліміне дәрігерлерді кінәлады (видео)

Дәрігерлердің сәбилерді жансақтау бөлімінен шығарғандарына қарағанда үш нәрестенің де денсаулығы жақсы болған. Тәп-тәуір болып келе жатқан баланың шетінеуіне негізгі себеп – ол аурухана қызметкерлерінің салғырттығы. дейді Айгүл Ысқақова.

“Бала вакум ішінде жатқан. 10-15 грамм сүт бердім деп айтып келгенше бала вакумның сыртында жатыр. Сыртқа шығарып тастапты. Сонан кейін қорқып медсесетраны іздедім. 2-3 айналып іздеп таппадым. Реанимацияның адамдары қайта келіп баламды алып кетті”, – дейді анасы.

Баланы ақ халаттылар тірілтіп алған. Бірақ 4-5 сағат өтіп, сәбидің шетінегенін айтыпты. Жұртқа жұмбақ болып отырғаны ақ халаттылардан өзгесі аша алмайтын вакумды кім ашып кеткен? Сәбиді сыртқа кім шығарған?

“Мен өз тарапымнан ешқандай ақпарат бере алмаймын. Мені дұрыс түсініңіздер. Вакумды кімдер аша алады? Кімдер ашуы мүмкін? Оны анасы аша алмайды. Оны тек білетін медперсонал ашуы мүмкін”, – дейді Қарасай аудандық орталық ауруханасының директоры Сәуле Сауранбаева.

Аурухана басшысы вакуумды тек әріптестерінің ғана аша алатынын жасырмай айтты. Естеріңізде болса бұл істі Алматы облысының басшысы Амандық Баталов жіті назарына алып, жауаптылар жазаланады деген болатын. Осы күнге дейін аурухананың 6 қызметкері жұмыстан босатылған. Тексеру жұмыстары әлі аяқталмапты. Ал смартфондарын сескенбей ұстайтын Қарасай ауданының әкімдігі талай тірілікті тындырып тастадық деп мақтанды.

“Шыққан кезде «біз» оларға коляскасын алып бердік. Конверттарын выпискаға оны да «біз» бердік”, – дейді Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Жұмәділ.

Қазір батыр ана 9 баласымен екі бөлмелі үйді жалдап тұруда. Жер берілгенмен үйді салып тастауға шамамыз келмейді дейді. Ал сараптама болса әлі жүргізіліп жатыр. Сондықтан да нақты жауаптар жоқ. Әйтседе жауаптылардың бұл жауапсыздығын жылы жауып қоя алмаймын дейді үшемнің анасы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз