Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда полициялар қаптап жүр

207

Таяу күндері ҚР Тәуелсіздік күнін тойлау кезінде 2018 жылы 12-14 желтоқсан аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел профилактикалық шарасы өтеді, – деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қоғамдық қауіпсіздікті полицейлер мен бірге полицияның қоғамдық көмекшілері және құқық қорғауға бағытталған қоғамдық ұйымдар қадағалайтын болады.

“Қажетті қоғамдық тәртіпті сақтау үшін, ескерту, көшеде және қоғамдық жерлерде жаяу және автокөліктегі патрульдеу қызметінің жұмысы күшейеді. Бұған ішкі істер органы қызметінің барлық түрлері мен ҚР ІІМ ұлттық ұлан сарбаздары тартылады.

Әкімшілік бақылауға алынған азаматтар, полиция есебінде бейберекет және нашар тұратын отбасылар басты назарда болады”, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Жандос Мұратәлиев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз