Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда полиция саласындағы атақты тұлғаларға арналған төсбелгілердің тұсауы кесілді

245

Бұл туралы Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шырақбек Қабылбаев пен Мақан Есболатов Қазақстан ішкі істер органындағы танымал тұлғалар. Олар бүкіл ғұмырын осы салаға арнап, қаһармандығымен, ерен еңбегімен баршаға үлгі болған.

– Бүгін біздің ардагерлер даярлаған қоғамдық төс белгілерді табыстау шарасы сынды игі іс туып отыр. Ерен еңбектің иесін жадымызда сақтап, оны үлгі ету — біздің парызымыз. Осы қоғамдық төсбелгіні ойлап тауып, оны даярлап, жасап шыққан адамдардың барлығына алғыс білдіргім келеді.

Ол ардагерлерді, сол секілді бүгінгі полиция саласындағы жас буынды да жігерлендіретін күш бола алады, – деді Алматы қаласы ішкі істер органының ардагерлер кеңесінің төрағасы, генерал-майор Асыл-Кеней Сағынжан.

Жастарды тәрбиелеп, құқық тәртібінде үлгі етілетін шараға қатысушы ішкі істер органының барлық ардагерлеріне де төсбелгі табыс етілді. Мұнан тыс шара барысында тек ішкі істер органына ғана емес, жалпы Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың өмірі туралы кітаптар ұсынылды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз