Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда полиция көлігі жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті (видео)

Айта кетелік, осы жолдың бойында өткен жылы жантүршігерлік оқиға орын алған. Ол кезде де таңертеңгі уақытта полиция қызметкерлері отырған көлік жол апатына ұшыраған. Олар қаққан көліктегі әйел сыртқа ұшып, денесі бөлшектеліп қалып еді.

Куәгерлердің мәліметінше, полицейлер басқа бір көлікті қуып бара жатқан кезде баланы қаққанын түсіндірген.

“Олар баланы көлікке салып, 4-ші ауруханаға алып кетті. Кейін олар жол апаты болған жерге қайтып келді, қазір көлік сол жерде тұр”, – деді куәгер.

Ауруханадағылар жол апатынан зардап шеккен 9 жастағы баланың жеткізілгенін растады.

“Оған алғашқы көмек көрсетілді. Қазір балалар ауруханасына ауыстырамыз. Оның жағдайы тұрақты”, – деді Алматы қалалық №4 аурухананың өкілдері.

Ал қалалық ІІД өкілдері осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. “Полиция көлігі жарықдыбыс белгілерімен келе жатқан. Өкінішке қарай, қызметтік көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, 2007 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Баланы полиция қызметкерлері жақын жерде орналасқан медициналық мекемеге жеткізді”, – деді қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Дәрігерлер тоғыз жастағы баланың аяғы сынғанын анықтаған. “Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша тергеу басталды. Полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр”, – деді полициядағылар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз