Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда Орталық Азияның үздік киберспортшылары сайысты

– Қазақстанға «World of Tanks» ойынының авторы – Wargaming компаниясының 50 адамнан тұратын үлкен ұжымы келді. Осылайша біз Орталық Азияда киберспорттың дамуына өз үлесімізді қосуға тырыстық, дейді Wargaming компаниясының ТМД-дағы таралымымен айналысатын жетекші маман Николай Небышинец.

Үлкен финал аясында екі маусым бойынша үздік киберспорт командасы анықталды. Жеңімпаз болып Қазақстандық ZEROONE.RUN командасы танылды.

Бұл үлкен финалға 200 команданың арасынан іріктелген 4 команда қатысқан болатын: ZERO`ONE.RUN (Қазақстан), PUSH (Қазақстан), Cheaters (Қырғызстан), Asian Empire (Қазақстан).

Финалдың жүлде қоры 8 350 000 теңге, оның 5 000 000 теңгесін жеңімпаз команда қанжығасына байлады. Ең бастысы, жеңімпаз-команда Wargaming.net League ойынының Жоғары лигасы – Golden Series сайыстарына жолдама беретін Wild Card Challenge ойынына қатысу мүмкіндігін алды.

Екінші орын да, үшінші орын да қазақстандық командаларға бұйырды: PUSH командасы жүлдеге 2 000 000 теңге алса, үшінші орын иеленген Asian Empire командасы 1 000 000 теңге еншіледі. Қырғызстанның Cheaters-тері төрінші орында қалып, 350 000 теңге алды.

Айта кетсек, Орталық Азия лигасының ойындары биыл тұңғыш рет өтіп отыр. Бұл лигаға алты мемлекет кіреді: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Әзірбайжан. 2016 жылы екі ойын маусымы өтті. Алғашқы маусым мамыр айында аяқталып, финалы Бішкекте өткен болатын. Екінші маусым тамыз-қыркүйек аралығында өтіп, финалы Қарағандыда ұйымдастырылған. Сол екі маусым қорытындысы бойынша үздік шыққан төрт команда Үлкен финалда сайысты.

World of Tanks — танктер соғысатын аса қызықты онлайн-ойын. Қазір әлем бойынша бұл ойынды миллиондаған адам ойнайды. Бұл ойынды Белоруссиялық Wargaming компаниясы шығарған.

new_1001

1-place_2

ZERO’ONE.RUN командасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз