Алматыда Mercedes мінген мас адам үш көлікті соғып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Алматыдағы Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытқа қарай қатты жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан Mercedes алдымен Петров көшесіне жетпей өзімен бір бағытта кетіп бара жатқан Subaru Outback көлігін сырып өтіп, оқиға орнынан ізін жасыру үшін одан сайын «газды басқан».
Куәгерлердің айтуынша, Мерседестен масаң күйдегі ер адам шыққан. Оны полицейлер бірден медициналық сараптамаға алып кетті.