Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

Алматыда Ұлттық баспасөз клубын бұзып жатыр

Ұлттық баспасөз клубының басшысы, Астанада сотқа тартылып жатқан Сейітқазы Матаевтың ұлы Асқар Матаевтың Азаттыққа айтуынша, ғимарат аресте тұр. Оның пікірінше, аресте тұрған ғимаратты бұзу заңсыз. Асқар Матаев сот ғимаратын өз күшімен бұзуға бір ай бергенін, бірақ ол аз екенін айтады.

– Сот бір айдан артық уақыт бермеді. Ал өз еркімізбен бұзып алуға бір ай жеткіліксіз, – дейді Асқар Матаев.

Ұлттық баспасөз клубы ғимараты Астанада клуб басшысы, Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаевтың соты басталған күніне бұзылып жатыр. Сот Астананың Есіл аудандық №2 сотында өтіп жатыр.

Биыл 22 ақпанда «мемлекет қаржысын жымқырған» және «салықтан жалтарған» деген күдікпен ұсталған Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев 24 ақпаннан бері үйқамаққа алынған. 28 наурызда оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев та үйқамаққа алынды. Әкелі-балалы Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарып, «келген зиян» туралы айыптау толыққанды аудиторлық тексеру жүргізілместен тағылғанын айтады. Мамыр айында Сейітқазы Матаевтың адвокаттары оған тағылған айып “қызмет өкілетін пайдаланып өзіне артылған сенімді теріс мақсатқа пайдаланды” деген ауыр бапқа өзгергенін хабарлаған. Әсет Матаевқа қатысты айып та осыған ұқсас өзгертілген.

3 тамызда өткен алдын ала сот тыңдауында судья адвокаттардың Матаевтарды кепілге үйқамақтан босату, сотты Алматыда өткізу және қосымша сот-экономикалық сараптама тағайындау туралы өтінішін қанағаттандырмай тастаған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз