Әлеуметтік желіде некрофилдің ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
Заң бұзушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы бойынша «қайтыс болғандардың мәйіттері мен олардың жерленген жерлерін қорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Бұл қылмыс қалай ашылды? Мендегі ақпарат бойынша қылмыскер телефонын өткізуге алып келген кезде, ломбард қызметкерлері оны әшкерелеуге көмектескен. Телефонды бағалау кезінде одан аппараттың өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашуды сұрайды. Ол жерде 18 + фотолар болған», – деп жазды Козачков әлеуметтік желіде.
Ер адам изоляторға қамалды. Қылмыстық кодекстің 314-бабының санкциясы айыппұл, қоғамдық жұмыстар және тіпті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.