Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-17
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Алматыда «Коровабар» дәмханасы өртенді

«10 мамырға қараған түні, таңғы сағат 04:37-де «101» пультіне куәгерден Алмалы ауданы, Абылай хан көшесі 121 А мекенжайында орналасқан «Коровабар» дәмханасының өртеніп  жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Артынша, өрт сөндірушілердің алғашқы тобы 7 минуттан кейін, яғни 04 сағат 44 минутта оқиға орнына жетті», – деді С. Баймұханбетова.

Мәлім болғанындай, тұрғын үйге жапсарлас салынған «Коровабар» кафесін өрт шалған. Өрттің аумағы шамамен 800 шаршы метрді құраған. Соған байланысты, қосымша өрт сөндіруші бөлімшелер шақырылды. Артынша, тұрғын үйлердің тұрғындары қауіпсіз аймаққа шығарыла бастады.

«05 сағат 23 минутта өрт ошағында жарылыс орын алды. Соның салдарынан өрт тұрғын үйлердің балкондарына ойысты. Осылайша, алтыншы қабатта орналасқан балкондарға дейін өрт шалды», – деді С. Баймұханбетова.

Тұрғын үйдің сыртқы жағын сөндіру үшін оқпаны бар иінді көтергіш құрылғылар қолданылды. Ал тұрғындар үйден газ-түтіннен қорғаушылардың көмегімен баспалдақтар арқылы және терезе арқылы жылжымалы сатылар бойынша сыртқа шығарылды.

«Барлығы 7 адам құтқарылып, 120 адам эвакуацияланды. Олардың ішінде үш бала бар. Бір адам уытты газға улану нышанымен ауруханаға жатқызылды. Басқалай зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Тілсіз жауды жоюға Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 115 адам мен 21 арнайы техника, сондай-ақ, жергілікті полиция қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері, коммуналдық қызметтердің қызметкерлері жұмылдырылды.  Өрт таңғы сағат 05:52-де ауыздықталып, 06 сағат 36 минутта толығын сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы – 1100 шаршы метрді құрады», – деді С. Баймұханбетова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз