Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда көлік алам деген 13 азамат алданып қалған

Бұл алаяқтық фактісін «Тойота Сити» дилерлік орталығының заңгері де растап отыр.

«Біз компаниямызға қатысты алаяқтық фактісін растаймыз. Барлығы тергеу барысында мәселенің ақ қарасы ажыратылып, барлық фактілер белгілі болады деген ойдамыз, бізде тергеуге жүгініп отырмыз», – деді «Тойота Сити» дилерлік орталығының заңгері Дастан Рахимов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тoyota көлігін сатып алмақшы болған алматылықтардың алданып қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Ақылбек Мұхаметченовтың айтуынша, ол Toyota Land Cruiser көлігін сатып алу үшін алдын ала 22 млн теңге төлем төлеген.

«Мен автосалонға досыммен бардым. Бізді менеджер қабылдап, келісім жасадық, сосын ол бізге төлем жасау үшін есепшот берді, алайда кассалық аппарат істемей қалды деп түсіндірді. Мен оған сендім, себебі бұл базар емес, салмақты мекеме деп ойладым. Мен 22 млн теңге көлемінде алдын ала төлем жасадым, тоғыз күннен кейін қоймаға көлігім келгенде келесіз тағы сегіз миллион теңге төлейсіз, сосын көлігіңізді алып кетесіз деді. Тоғыз күннен кейін келдім, не көлік, не ақшам, не менеджер жоқ», – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз