Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда көктайғақ болмас үшін 64 тонна құм себілді

Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қалада түнгі 03:00-дер шамасында жауынның арты қарға ұласа бастаған. Қаланың ішіне жауған қардың қалыңдығы тобықтан аспаса, таулы аймақтардағы қар қалыңдығы 10 см-ге жеткен.

Қаланың коммуналды қызметтері көктайғақтың алдын алу мақсатында қала көшелеріне 64 тонна құм мен тұз қоспасын сеуіп шықты.

Шаһардағы қарды тазалауға 411 техника мен 1416 жұмыскер жұмылдырылды. Осыған дейін Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болатындығы хабарланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз