Алматыдағы Райымбек даңғылында жол жиегінде тұрып, қол көтерген ер адамды байқаған қытайлық FAW көлігінің жүргізушісі “клиентке” қарай кілт бұрылып, тоқтай салмақ болған екен.
Бірақ ол клиентті «алу» үшін одан бұрын Toyota Camry тоқтап үлгеріпті.
Үлгермей қалған FAW жүргізушісі Тойотаны да, әлгі клиентті де қағып кетті, деп жазады Zakon.kz.